Құрметті тұтынушылар!!!
«Астана-Өрнек» ЖШС 2025 жылғы 1 қазаннан бастап тұтынушыларға 85 202,69 теңге сомасындағы шығындарды өтеу шарты орындалғанға дейін қолданылатын «Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жеткізу» реттеліп көрсетілетін қызметтерінің уақытша (1 жылдық) өтемдік тарифі мен тарифтік сметасы қабылданғанын тұтынушыларға хабарлайды:
Орташа тариф – 9181,18 теңге/Гкал;
Халыққа (I топтағы тұтынушылар) тариф – 3526 теңге/Гкал;
Бюджеттік ұйымдар үшін тариф (II топтағы тұтынушылар) – 9885,11 теңге/Гкал;
Анықтама үшін мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 24-20-18, 8 775 435 18 23