Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

🔹Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

🔹Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

🔹Сыртқы саясат және инвестициялар;

🔹Экономикалық және қаржылық саясат;

🔹Цифрландыру;

🔹Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.