Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өткізіледі

Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру.

Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді.

Олардың ішінде:

- ақпараттық роликтер;

- мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат;

- патриоттық іс-шаралар.

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@baikenyesset

#Астанарәміздеркүні #Астанаденьсимволов #Астанаелжүрегі #Астанасердценарода