Қызметі

«Астана-Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Құқық нысаны: жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Астана қаласы әкімдігінің 06.04.2006 ж. № 08-10-891Қ қаулысымен құрылды

Құрылтайшы: Астана қаласы әкімінің аппараты.

ЖШС қызметінің мәні жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін ЖШС келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Тұрғын үй қоры және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (балабақшалар, мектептер, ауруханалар) жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу.

2) Автономды қазандықтарды, сондай-ақ ЖШС теңгеріміндегі өзге де мүлікті ұстау, жөндеу, монтаждау және пайдалану.

3) Заңнамада тыйым салынбаған негізгі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін өзге де қызметті жүзеге асыру.

Жұмыс уақыты: сағат 08-30-дан 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

«Астана-Өрнек» ЖШС қызметінің негізгі түрі әлеуметтік тұрмыстық мақсаттағы объектілерге жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау (балабақшалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар мен мұражайлар)болып табылады;

— 006 «Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қоры объектілеріне жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;      

—  автономды қазандықтарды ұстау, жөндеу, монтаждау, салу, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану.