Комплаенс-менеджер бойынша ақпарат
Комплаенс-менеджер
Қызметтің мақсаты
Комплаенс-менеджер қызметінің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін қоғамның ішкі құқықтық және корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Чат-бот «Антикор 1424»
2025 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құралды енгізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі жаңа WhatsApp-чат-бот Антикор 1424 (Тел.: 8 777 000 1424), іске қосылғаны туралы хабарлады, онда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алуға болады.
Келіп түскен барлық хабарламалар міндетті түрде қаралатын болады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін15,7 млн теңгеге,дейін сыйақы көзделген, бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береді.
Қосымша хабарлаймыз,«Сыбайлас жемқорлық туралы көрінеу жалған хабар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады».

АХМЕТОВА ГУЛЬГАЙША АСКАРОВНА
Комплаенс-менеджер ТОО «Астана-Орнек»
| Туған жылы | 30 қараша 1987 жыл |
| Туған жері | Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылы |
| Ұлты | Қазақ |
| Білімі | Жоғары |
| Оқу орнын бітірген жылы және атауы | 2003–2007 гг. — "Астана қаласының Гуманитарлық колледжі" орта кәсіптік білім туралы дипломы.». 2007–2010 гг. — Жоғары білім туралы диплом "Қарағанды мемлекеттік университеті" РМҚК. Академик Е. А. Бөкетова".». 2020 г. — Жоғары білім туралы диплом "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті"» |
| Мамандығы бойынша біліктілігі | — Шет тілі — құқықтану бакалавры — экономика |
| ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық-анықтамалық есепке алу мәліметтері | Сотталмағандығы туралы 06.05.2025 жылғы анықтама Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы 12.05.2025 жылғы мәліметтер. |
| Байланыс | 8 705 196 22 72 |
| Эл.пошта | daniyarova_8787@mail.ru |
