Құрылымы

Әкімшілік-экономикалық бөлім

«Астана-Өрнек» ЖШС қызметін ұйымдастыру. ЖШС-де кадрлық іс жүргізу және мұрағаттық іс жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету.

- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, негізгі және айналым қаражаттарының, еңбек және қаржы ресурстарының сақталуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік бюджетке, жеткізушілерге және банк мекемелеріне міндеттемелер бойынша төлемдердің уақтылы төленуі;

- Серіктестік басшылығын және басқа да мүдделі тұлғаларды Серіктестіктің қаржылық жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- белгіленген тәртіппен және көзделген мерзімдерде бюджеттік, салықтық, статистикалық есептілікті жасау және ұсыну;

- көрсетілген қызметтер үшін тұтынушыларға есептеулерді есептеу, шот-фактуралар, борышкерлермен жұмыс. Серіктестік пен тұтынушылар үшін жоспарлы шығындарды есептеу;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;

 

Бөлім басшысы-бас бухгалтер Қасымқанова Гүлжан Жұмабайқызы

Кадрлар жөніндегі инспектор-аудармашы Кенжебаева Сәуле Барлыбайқызы

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, заңгер Валитов Тахир Нұрланұлы

Экономист Иманқұлова Эльвира Тойшыбекқызы

Бухгалтер Бижкенова Зәуреш Серікқызы

Мұрағатшы-іс жүргізуші Десятова Татьяна Владимировна

 

Инженерлік-өндірістік бөлім

Дербес қазандықтардың берілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

- жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- жылу энергиясының сапасына қойылатын талаптарды орындау;

- тұтыну режимдерін сақтау кезінде жылумен жабдықтау жүйелері жұмысының үнемділігін және энергия ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

- жылу энергиясын өндіру, түрлендіру, беру және тұтыну кезіндегі технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және жою;

- жабдықты тәулік бойы жедел басқару;

- апаттарды жою және жұмыс режимін қалпына келтіру;

- жөндеу жұмыстарын жоспарлау және дайындау;

- еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, оның ішінде өрт, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

- өндірісте табиғатты пайдалану және экология нормаларының орындалуын қамтамасыз ету;

- ТЖ, метрология бойынша энергия қадағалау талаптарының және қазандық жабдықтарын пайдалану үшін қажетті өзге де талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

- өндірістік персоналды оқыту және аттестаттау жүргізу;

- өндірістік құжаттаманы жүргізу, есептерді жүргізу, есептілікті уәкілетті органдарға тапсыру;

- кәсіпорын бойынша талап етілетін барлық тексерулерді, энергия аудиттерін және сынақтарды жүргізу.

 

Бөлім басшысы-бас инженер Смағұлов Айдын Жайланұлы

Бас энергетик Көшербаев Қайрат Мұратұлы

ЕҚ және техникалық қауіпсіздік инженері Шауменов Нариман Мұратханұлы

Есіл ауданы бойынша учаске мастері, Бекбатчаев Нұржан Қайратұлы

Сарыарқа ауданы бойынша учаске мастері, Әубәкіров Мұрат Анасұлы

Алматы ауданы бойынша учаске мастері, Ляпунов Андрей Андреевич