Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

СЖТІТ (бұйрық, жоспар, жұмыс тобының құрамы)

Елорда кезекті «Халық заңгері» акциясы өтеді

Бұйрық 24.04.24

СЖТІТ бойынша хабарлама 17.04.2024

Абайлаңыз, алаяқтар!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіту туралы

  1. Астана-Өрнек ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметты туралы ереже
  2. «Астана-Өрнек» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
  3. «Астана-Өрнек» ЖШС Әдеп және мінез-құлықтың корпоративтік кодексі
  4. «Астана-Өрнек» ЖШС лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделері қақтығысын реттеу қағидалары
  5. «Астана-Өрнек» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулығы
  6. Талдамалық анықтама 2023 жыл
  7. «Астана-Өрнек» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

27.02.2023 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің аға офицері Кенебаева Алмагүл Еркінқызы «Астана-Өрнек» ЖШС ұжымымен кездесіп, дәріс оқыды. Дәріс барысында негізінен 2023 жылғы 03 қаңтарда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамадағы өзгерістер талқыланды.

Қазақстандағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелері ерекше атап өтілді. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық-өз ерекшеліктері бар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың бір түрі. Басты ерекшелігі-бұл тұрмыстық қатынастар саласында болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында» тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес азаматтар мен кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен күнделікті өмірде өзара іс-қимылына байланысты көптеген салаларда жүргізіледі.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық-бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың бір түрі, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізгі белгілерінің бірі олардың субъектісінде жатыр. 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бап 6 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері келесі төрт санаттағы адамдар болуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар;

лауазымды тұлғалар.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері және осы қызмет жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Заңнамадағы өзгеріс пара берушінің және пара алушының бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюымен көрсетілген жауапкершілігін күшейтеді, пара бергені және пара алғаны үшін делдал болғаны үшін айыппұлдардың мөлшері де бірнеше есе өсті.

Жалпы сыбайлас жемқорлықтың мысалдары қарастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.